Өлең, жыр, ақындар

Сұлу

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 589
Ғажабын-ай!
Көрген кезде
Жүрегiңдi жарып жiберердей,
От қылып жағып жiберердей
Мынау сұлулықтың
Азабын-ай!..
Неткен сиқыр бұл?!
Дуалап, арбамай-ақ
Жан алғандай...
Айдың нұрынан,
Ақынның жырынан,
Ақ гүлдiң кекiлi мен
Тереңнiң тұнығынан
Жаралғандай!
Есiң шығып,
Ойың шатасып
Қасына
Барып қалардайсың.
Қасын керiп,
Кiрпiгiн қаққанда
Талып қалардайсың.
Қаласа! –
Құздан қарғып кетердейсiң.
Мәжнүн боп мәңгiп,
Қаңғып кетердейсiң.
Дүниенi ұмытып
Сүйiп қалардайсың.
Жел үрлеген шоқтай
Қып-қызыл ерiнiне
Күйiп қалардайсың.
Ғажабын-ай!
Азабын-ай!
Демi тисе –
Алтынмен
Апталып қалардайсың,
Күлкiсiнiң
Лебi тисе –
Күмiспен
Қапталып қалардайсың.
Аққудай сыланып
Тал шыбықтай бұралып
Үкiдей
Үлпiлдеп тұрғаны-ай!
Сөйлесе –
Ақ тамағы
Сайраған бұлбұлдың көмейiндей
Бүлкiлдеп тұрғаны-ай.
Ғажабын-ай!
Азабын-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзгеріс

  • 0
  • 0

Бір кезде көз көрген
Бәрі де өзгерген.
Бір пәле келген сияқты
Ұрланып бір:

Толық

Хал

  • 0
  • 0

Білмедім:
Кім ұтылып,
Кім ұтуда?
Білгенім:

Толық

Бәйтерек

  • 0
  • 0

Аспан құлап,
түссiн мейлi жай кенет,
былқ етпейдi желге қарсы бой демеп,
табиғаттың палуаны апай төс

Толық

Қарап көріңіз