Өлең, жыр, ақындар

Желді күнгі орман

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 509
Орман iшi – гуiлдеген! –
Сарынға толып кеттi.
Уiлдеген!
Ағынға толып кеттi.
Ағаштар – баса көктеп! –
Бiр-бiрiн жұлқылап жатыр.
Сарыала жапырақтары
Шашылған шоқтай боп
Бұрқырап жатыр.
Бұтақтарын көкке кезенiп
Сермеп қалады.
Ашу мен ызасы –
Тұла бойын
Кернеп барады.
Бұлттар да осы жерге
Жиылып қалған.
Қап-қара боп
Түйiлiп қалған.
Ағаш бiткен
Бойларын жинай алмай
Еңкiлдеп тұр.
Бойларын жинай алмай
Селкiлдеп тұр.
Оларда жазылмас
Азап жатқандай:
Балта, арамен
Кескендерге қарсы,
Өкпесiн ойып
Тескендерге қарсы
Бүкiл ағаштар
наразылық бiлдiрiп
Митингi жасап жатқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуат жыры

  • 0
  • 0

Еңкiп-еңкiп соққанда
Таудың денесiнен
Тастар бұршақ боп құйылды.
Серпiп-серпiп соққанда

Толық

Мың тоғыз жүз отыз екі

  • 0
  • 0

Дүниеден, тiршiлiктен түңiлген
аштық әбден дiңкелеткен, бүгiлген –
көрем ылғи, көрем ылғи, көремiн
сол бiр сұмдық қасiреттiң жылын мен.

Толық

Қабаған ит

  • 0
  • 0

Жуындымды,
аяқты жалаған ит,
болдың бүгiн, мiнеки,
қабаған ит!

Толық

Қарап көріңіз