Өлең, жыр, ақындар

Мың тоғыз жүз отыз екі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 230
Дүниеден, тiршiлiктен түңiлген
аштық әбден дiңкелеткен, бүгiлген –
көрем ылғи, көрем ылғи, көремiн
сол бiр сұмдық қасiреттiң жылын мен.
Талшығымды,
тамырымды семдiрiп,
жалынымды,
жарығымды сөндiрiп
босағадан қарап маған тұрады
Мың Тоғыз Жүз Отыз екi телмiрiп.
Кеуiп қалған үңiрейiп жарасы,
шығып кеткен жанарының аласы
қарайды ол үнсiз-түнсiз телмiрiп,
бауырында –
өлiп қалған баласы.
Сөнiп қалған жылуы да, шырағы,
оның суық көзiнде өлiм сұрағы.
Бауырына қысып жансыз баласын
босағамда үнсiз-түнсiз тұрады.
Отқа салып ұятымды, арымды,
тауысады төзiмiмдi, сабырды
шыдай алмай айқай салам мен оған:
қинамашы,
қинамашы жанымды.
Дiр ете қап сұп-сұр жүзi қапалы
менi суық жанарымен атады.
Бауырына қысып өлген баласын
сүйретiлiп шығып бара жатады.
Сезiмiмдi ақыл-ойға жеңдiрiп
жүрем сонсоң iстi өзiмше өндiрiп...
Босағамда тағы тұрар бiр күнi
Мың тоғыз Жүз Отыз Екi телмiрiп.
Тұр ғой сонда сан қасiрет, сан қайғы,
Жүрегiмнен қып-қызыл қан саулайды.
Аштан өлген қолындағы баласы –
қараңдаршы! –
менен, сенен аумайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн батарда

  • 0
  • 0

Дамылдаған арқасынан жүк түсiп
жатыр төбе, дөңес, жота бүк түсiп.
...Батып бара жатқан күннiң астынан
реактивтi самолеттер шықты ұшып.

Толық

Рақымжан Отарбаев

  • 0
  • 0

Рақымжан,
Рельстей жіңішке болсаң да
Шойыннан құйылған
Құрыш інімсің,

Толық

Марқаю

  • 0
  • 0

...Жемтік іздеген
Қара құс —
Тас төбемде
Шүйіліп жүр...

Толық

Қарап көріңіз