Өлең, жыр, ақындар

Қабаған ит

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 389
Жуындымды,
аяқты жалаған ит,
болдың бүгiн, мiнеки,
қабаған ит!
Абайсызда, немесе
босап кетiп
қан қақсатып талайды талаған ит!
Бiр тынбайтын күн бойы
түн бойымен.
Жан шошытар түсiмен, түр-бойымен, –
сала құлаш шынжырды үзердей боп
жүгiрумен жүредi сым бойымен.
Нең қалады, таласа,
жұлмаласа!
Дiр етесiң!
Ырылдап бiр қараса.
Жүгiредi ол арпылдап,
аласұрып
тұла бойы толы ашу
тұнған ыза!
Аласұрса деме сен:
құр жұлынды.
Басуына басады ол бiр жыныңды.
Босана алмай –
ызадан шақырлатып
шайнап-шайнап жiберер шынжырыңды.
Ит болған соң неғылсын абыройды.
Абыройға ол бұта деп сарымайды...
Қорасын ол таниды –
өз иесiн.
Өзге жанды бiрақ та танымайды.
Есiк аузы, босаға – төрi мұның.
Ашу, ыза –
болмас-ау шегi мұның.
Көрген кезде осы иттi,
кейде менiң
қозып барып қалады Бөрiлiгiм.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балуандар күресі

  • 0
  • 0

Белдерiне
Алты құлаш арқан ораған
Демдерiнен бұрқырап
Дауыл бораған.

Толық

Өткiншi жаңбырдың өлеңі

  • 0
  • 0

Мен өткiншi жаңбырмын,
келемiн алыс, қиырдан,
сыйым бар, әнiм, күйiм бар.
Қолдарын бұлғап шақырып,

Толық

Мен сені сағындым

  • 0
  • 0

Жұмекен аға,
Мен сені сағындым.
Өзің кеткелі
Сан рет өштім.

Толық

Қарап көріңіз