Өлең, жыр, ақындар

Өлең жазып отырмын

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 296
Өлең жазып отырмын.
Қаламымды
Көкпеңбек көлдерге
Малып алып
Жазып отырмын.
Тамшы-әрiптердi –
Аспаннан!
Қағып алып
Жазып отырмын.
Сызып тастаған жолдарым
Темiрмен бастырып тастаған
Шөптер секiлдi.
Басқа бiр жолдарым
Сымдарға қонған
Кептер секiлдi.
Арасына кiрiп кеткен
Жылусыз сөздердi.
Ұғымсыз сөздердi
Бұлттардан
Бiр шымщым үзiп ап
Өшiрiп тастаймын.
Қағаздың бетiнен қуалап
Көшiрiп тастаймын.
Бiр сөздерiмнiң
Қызуы көтерiлiп
Жанып бара жатады.
Көз алдымда
Талып бара жатады.
Сол кезде – Алатаудан! –
Бiр уыс қар алып
Маңдайына басам.
Бұлағының суын
Таңдайына тосам.
Бiр сөздерiм
Ауаға толып
Iсiп-кебедi.
(Жiбiнен қырқып жiберсем
Өздерi-ақ
Ұшып кетедi).
Бiр сөздерiм
Өшiп жатады.
Бiр сөздерiм
Өсiп жатады.
Бiреулерi қан болып
Ағып жатады.
Бiреулерi шам болып
Жанып жатады.
Долданам!
Толғанам!
Сонан кейiн мен –
Астына –
Темiрхан Медетбек деп
Найзағайлармен шиырып
Қол қоям.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгінгі ертегі

  • 0
  • 0

Айдалада
Жалғыз қап –
Жабығып тұр едiм.
Өрт шалған ағаштай

Толық

Зейнолла Қабдолов

  • 0
  • 0

Ұқсамайтын бiр күнiне бiр күнi,
есiне алып отыратын iлкiнi,
осы бiр жан үйiнде де, түзде де
сөз өсiрiп, сөз баптайды күн-түнi.

Толық

Әрі-сәрі шақ

  • 0
  • 0

Ысып,
қайта тоңдық бiз.
Қоя бердiк,
тап берiп.

Толық

Қарап көріңіз