Өлең, жыр, ақындар

Зейнолла Қабдолов

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1133
Ұқсамайтын бiр күнiне бiр күнi,
есiне алып отыратын iлкiнi,
осы бiр жан үйiнде де, түзде де
сөз өсiрiп, сөз баптайды күн-түнi.
Көрiп сенiң шегiң менен шетiңдi
бiрде толып, ендi бiрде кетiлдi...
Осы кiсi, осы кiсi байқасаң,
сөзбен ғана дем алатын секiлдi.
Ашқанменен берекетке пейiлiн,
сергелдеңге жiбермейдi сейiлiн.
Осы кiсi сөзден ғана қуат ап,
сөзбен ғана қандырады мейiрiн.
Дүниенi жiберетiн қақ жарып,
отырады жебе сөзден оқ жанып.
сөздерi оның гүл сияқты кәдiмгi,
күлкiсi оның сөз сияқты жап-жарық.
Ол сөйлесе бiр қозғалып жота-қыр,
естiлгендей болады ғой бата бiр.
Тiршiлiгi сөз сияқты терең де,
көз жасы оның сөз сияқты ап-ауыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңға батамын

  • 0
  • 0

Неткен қатал ең, Адамдар?!
Өздерiңе деген
Көлдей көңiлiмдi
Судай суалтып

Толық

Ар былғанса

  • 0
  • 0

Ар былғанса –
ала алмассың ағартып,
қан былғанса –
ала аламассың жаңартып...

Толық

Ертегісіз шындық

  • 0
  • 0

Мына біреу келді де
Тып-тыныш күнімді
Ұмар да жұмар қылды.
Жарқырап тұрған күнімді

Толық

Қарап көріңіз