Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі ертегі

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Айдалада
Жалғыз қап –
Жабығып тұр едiм.
Өрт шалған ағаштай
Қамығып тұр едiм.
Аспаннан
Үйдiң орынындай
Мұнтаздай бұлт түсiп
Мамығына орап
Менi
Көкке алып кеттi.
(Байқадым,
Менi танып кептi).
Аспанға шықтым.
Бiр сәтте жеп-жеңiл
Аппақ түбiттей болдым.
Уайым, қайғысыз
Аппақ үмiттей болдым.
Перiште қыз iздеген
Жiгiттей болдым.
Ақ бұлттарға
Армансыз шомылдым...
Содан кейiн
Қара жартастай
Қара бұлттарға
Соғылдым.
Соғылдым!
Қара бұлттардан
Қып-қызыл
Найзағайлар шығып
Шатырлап кеттi.
Аспан
Күркiреп, күтiрлеп
Сеңдер соғылғандай
Сатырлап кеттi...
Сонда ғана
Талықсып жатқан елiмдi,
Сусырап жатқан жерiмдi
Есiме алдым.
Найзағайлардың бiр бұтағын
сындырып алып
Таудан асып бара жатқан
Бұлттарды
Сауырынан сабалап жүрiп
Қайырдым.
Аңғар-аңғарларда
Қосақталып жатқан
Бұлттарды
Бауырынан – жағалап жүрiп –
Айырдым.
Отығып жатқан
Отар-отар қойлардай,
Құйрық-жалдары желбiреген
Табын-табын жылқылардай,
Шудалары желкiлдеген
Иiр мойын түйелердей –
Бұлттарды! –
Ыққа қарай
Жөңкiлтiп қудым.
Желге қарай
Желпiнтiп қудым.
Бiразын
Маңғыстау құлатып,
Бiразын
Торғайға тоғытып,
Бiразын
Шыңғыстау асырдым.
Шексiз қуандым.
Шексiз тасындым.
Жерге түстiм...
Қайтадан қамықтым.
Қайтадан жабықтым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінез

  • 0
  • 0

«Түнде ұйықтамаған,
Күндiз отырмаған,
Қызыл қанын төккен,
Қара терiн жүгiрткен»

Толық

Жұмсақ та шығар-ау

  • 0
  • 0

Жұмсақ та шығар-ау
тас бұдан! –
дегендей: ұшырам,
жоқ қылам –

Толық

Мереке Құлекенов

  • 0
  • 0

Бiлемiн, Хақ тағала сүйенiшiң!
Сонда да өртенедi, күйедi iшiң, –
Өйткенi Бөкен бидiң ұрпағысың,
Өйткенi Махамбеттiң жиенiсiң.

Толық

Қарап көріңіз