Өлең, жыр, ақындар

Ауырған кезде

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 487
Отқа тастағандай
Денем күйiп барады.
Байлап қойғандай
Аяқ-қолдарым
Киiздей болып ұйып барады.
Аспан аунап,
Қара жер
Аударылып бара жатқандай.
Күн дегенiң
Батыс жақтан шығып,
Шығыс жаққа батқандай.
Көзiмдi жұмсам
Қорқынышты елес көремiн:
Домалап бара жатқан
Дөңдер мен дөңес көремiн.
...Бұл сырымды
Ешкiмге ашпаған едiм, –
Арқан-жолдармен
Ұлы Даламды
Шаңдып тастаған едiм.
Қаптаған бiреулер кеп
Сол арқандарымның
Түйiнiн шешiп жатыр.
Шешiлмегендерiн
пышақтарын жалаңдатып
Кесiп жатыр.
Құртып жатыр.
Қырқып жатыр.
Даламды жалба-жұлба қып
Жыртып жатыр.
Құдай-ау,
Ара түсетiн
Ешкiмнiң жоқ болғаны ма?!
Денем күйiп барады.
Суық дүниенiң –
Кенеттен! –
От болғаны ма?!
Тағы да не боп кеттi?
Қаптаған бiреулер шығып
Тауларымды төңкерiп
Қазынасын
Тонап алып жатты.
Құмырсқадай қаптап
Талап алып жатты.
Ешкiмнiң үндемейтiнi несi?
Тұсауы жоғалса
Сыбап жататын адамдардың
Ең болмаса
Тiлдемейтiнi несi?!
Тырнақтарынан
Қан сорғалаған бiреулер
Өзендерiмнiң
Алқымынан қысып
Буындырып жатыр.
Тырп еткiзбей
Қылғындырып жатыр.
Мен де буынып тұрмын.
Мен де қылғынып тұрмын.
Денем күйiп барады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жатайын

  • 0
  • 0

Былай жүрсем —
Қаптаған
Алдау мен арбау.
Олай жүрсем —

Толық

Неткен өмір бұл

  • 0
  • 0

Бұл не тіршілік:
Жүрсем — құлаймын,
Күлсем — жылаймын.
Құдай-ау,

Толық

Ешкім естімеді

  • 0
  • 0

Мен өлiп жатқалы
Қаншама заман өттi, –
Тоқсан тоғыз құйын,
Тоқсан тоғыз амал өттi.

Толық

Қарап көріңіз