Өлең, жыр, ақындар

Неткен өмір бұл

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Бұл не тіршілік:
Жүрсем — құлаймын,
Күлсем — жылаймын.
Құдай-ау,
Басым аман,
Бауырым бүтін ғой.
Сонда да... сонда да...
Жаным — от,
Демім — түтін ғой.
Нан сұрап
Жатқан жоқпын ғой
Наным өзімде;
Қансырап
Жатқан жоқпын ғой
Қаным өзімде.
Неге құлаймын,
Неге жылаймын?
Сонда да... сонда да...
Отпенен бғрге
Өшіп кеткім
Келетіні несі;
Бұлтпенен бірге
Көшіп кеткім
Келетіні несі?!
Дүниені
Түсінбейтінім-ай;
Қайғының
Коньяктай ішілмейтінін-ай!
Неткен өмір бұл:
Жүрсем — құлайтыным-ай,
Күлсем — жылайтыным-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен атылған күн

  • 0
  • 0

Менi сөзбен атып кеттi бiр адам.
Ұшып түстiм.
Ендi қалай тұра алам.
Қадалған кеп оқ сияқты сол сөзден

Толық

Абылай хан

  • 0
  • 0

Уа, Абылай, хан ием!
Асқар таудай алып ең,
қазағым деп жанып ең,
қазағым деп налып ең;

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Өткiзбейтiн жал-құмға
Қалған-сынды тiрелiп, –
Отыр адам алдымда
Үндемейтiн түнерiп.

Толық

Қарап көріңіз