Өлең, жыр, ақындар

Айдаудағы арыстар

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 320
Елiне теңдiк сұраған
Арыстарымның
Мойнына бұғау түсiп,
Аяқ-қолдары
Матап байланды.
Жат ел, жат өлкеге –
Iбiр-сiбiрге, –
Одан да әрiге
Малша айдалды.
Төбедей арыстарым
Бiр уыс болып,
Түймедей түйiлiп қалды.
Тiлерсектерi қанжоса боп –
Көк мұзға!
Қиылып қалды.
Оппа қардан
Омыраулап шыға алмай
Құлап жатты.
Тастардай шашылып
Сұлап жатты.
Арып, ашыды.
Биттеп құрттады.
Зәр iшiп,
Запыран ұрттады.
Азап пен қорлықтың
Бәрiн көрдi.
Сонда да
Ұйықтаса – түсiнде,
Оянса – есiнде
Елiн көрдi.
Елiнiң жерiн көрдi.
Иiлген шөптей болып
Бүгiлiп тұрса да,
Терiлерi
Сүйегiне жабысып,
Жiптей жiңiшке сiңiрлерi –
Үзiлiп кетердей! –
Iлiнiп тұрса да –
Елiн ойлап егiлдi,
Жерiн ойлап сөгiлдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не амал бар?

  • 0
  • 0

Бұл дүниедегi Темірхан Медетбек
Қомағайлық пен
Тойымсыздықтан қашып
Безiп кеттiм;

Толық

Ауырған кезде

  • 0
  • 0

Отқа тастағандай
Денем күйiп барады.
Байлап қойғандай
Аяқ-қолдарым

Толық

Астаң-кестең дүние

  • 0
  • 0

Бір елдер
Қапыда опық жеп
Опырылып жатыр;
Бір елдер

Толық

Қарап көріңіз