Өлең, жыр, ақындар

Алтыннан қымбат ақ адам

Есімде сол күн, қыс еді,
Таң емес, қара кеш еді.
Қаралы күннің хабары,
Қыс келсе еске түседі.

Ұмытпай естен, жүректен,
Құтылмай сол күн түнектен.
Оққа ұшқан жанға айналдым,
Көзіме жас кеп жүдеткен.

Өмірге кейде таң қалам,
Есептеулі ғой әр қадам.
Әжем деп сізді айтпаспын,
Алтыннан қымбат, ақ адам.

Неліктен, бәрі баянсыз,
Жүрекке түсер аяусыз.
Қыс емес, жазға айналсын,
Уақытқа құлып, баяу күз.

Әр жақын жаның, сенімің,
Сенімің мәңгі серігің.
Естіген бойда, хабар бер,
Алыстан шыққан сел үнін.

Жүрмісіз, бақты аралап,
Жұмақтың төрін жағалап.
Үйрендім, менде кеш әттең,
Қолда бар жанды бағалап.





Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалып, - авторы өзім - деген белгі басылу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз