Өлең, жыр, ақындар

Балуандар күресі

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 384
Белдерiне
Алты құлаш арқан ораған
Демдерiнен бұрқырап
Дауыл бораған.
Денелерiн матаған шынжырды
Он жiгiт шiреп тартқан.
Табандарын тасқа қойып
Тiреп тартқан,
Жын ұрғандай аласұрған
Екi балуан ортаға шықты.
Бiрiн бiрi көргенде
Көздерi қанталап
Жалба-жұлба түктерi
Тiкендердей тiкiрейiп кеттi;
Атылатын аңдардай
Жауырындары бүгiлiп
Бүкiрейiп кеттi.
Бiреуi
Бұқадай басын шайқап
Айқай салды.
Бiреуi
Құтырған бурадай
Жер тарпып
Сойқан салды.
Жұрт азан да қазан боп
Шулап жатты.
Қос балуанның
Бұлшық еттерi
Толқындардай бүктетiлiп
Тулап жатты...
Бiрiне бiрi тап бердi.
Екi жартас
Соғысқандай болды.
Екi бұлт
Қағысқандай болды.
Дөң жер ойпаңға,
Ойпаң жер
Дөңге айналды.
Алқынған демдерi
Жалын болды.
Құйылған терлерi
Жауын болды.
Бiреуi булықты,
Бiреуi тұншықты...
Ошақтан шыққан түтiндей
Денелерiнен
Будақ-будақ бу шықты.
«Әуп» деп көтергенде
Бiр жартасты бiр жартас
Алып бара жатты.
(Дүние төңкерiлiп
Ауып бара жатты).
Бiр бұлтты бiр бұлт
Сүйрегендей болды.
Қабырғалар күтiрлеп
Күйрегендей болды...
Екi балуан күресiп жатты.
Тiршiлiк
Дәл солардай
Бiрiн бiрi ала алмай
Тiресiп жатты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай байқамайсыңдар?!

  • 0
  • 0

Қалай байқамайсыңдар?! —
Мен кiлең
Бұлттың iшiнде жүрем ғой.
Жыласам,

Толық

Қапалану

  • 0
  • 0

Мына Уақыттың
Қара суықтай
Қысуын-ай...
Жанымды қозғап,

Толық

Мойындау

  • 0
  • 0

Құдайға шүкір
Жат жерге
Көшет боп
Егілгем жоқ.

Толық

Қарап көріңіз