Өлең, жыр, ақындар

Махамбеттің рухы қолдаған ел!

Мен мен едім мен едім,
Деп салған әнді ел едің.
Махамбеттің кезінде,
Дұшпанға кегі кетпеген,
Басыңнан сөзі өтпеген,
Жайсан бір жатқан ел едің.
Махамбет мінген марқасқа,
Суында ішкен төре едің.
Батырың жауға шапқанда,
Найзамен қылыш таққанда,
Қолтығынан демедің.
Батырыңды баhадүр,
Алыптарға асыл теңедің.
Жауынада жол берген,
Дұшпанына дәм берген,
Қазағым сенде кең едің.
Махамбет барда қазағым,
Артта қалып азабың,
Басқаларменде тең едің.
Арыстандай ақырсаң,
Айбатыңды шақырсаң,
Дауылдай соққан сең едің.
Өмір атты теңізден,
Жүзіпте өткен кеме едің.
Махамбет барда алашым,
Кімдерден сенде кем едің?
Үш жүзім шықса үш елдей,
Көз жетпейтін көп едің.
Махамбет барда еңселі,
Рухы биік төбе едің.
Бөріні де төріне,
Аттатпас азулы төбетің.
Махамбеттей ерлер бар болса,
Сөгілмес ешбір көк етін.
Ұжымақ болар көңілін,
Ұзын ақ болар өмірін,
Бақ болып күнін көретін,
Махамбеттің рухы,
Қолдаған биік ел едің!



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек тырнақшасыз болу керек .

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз