Өлең, жыр, ақындар

Мағжан-жыр

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 509
Қасiреттi,
қайғы-мұңлы Мағжан-жыр,
Жер мен жердi,
тау мен тауды жалғап жүр, –
күндiз-түнi, күндiз-түнi бiр тынбай
қазағының жан азабын толғап жүр,
қазағының ар-ожданын қозғап жүр.
Жан-жүректi шырқыратып сарнап жүр,
сай-сүйектi сырқыратып зарлап жүр, –
шарлап кеттi ұлы қазақ даласын –
қасиеттi,
қасiреттi Мағжан-жыр.
Рух берiп өлiге де,
тiрiге,
қуат берiп дiлiме де,
тiлiме,
аласұрып шарқ ұрады Мағжан-жыр,
Алатауды алты айналып күнiне,
өр Алтайды алты айналып күнiне.
Мағжан-жырым қайғы,
мұңлы,
құсалы,
дүниенi қанатымен құшады.
Күйiп-жанып,
өртке айналып өзегi
Қаратауды қырық айналып ұшады,
Шыңғыстауды шырқ айналып ұшады.
Қорқады оның қайғысынан қасы да!
Әрбiр сөзi айналды көз жасыма.
Аласұрып шарқ ұрып жүр Мағжан-жыр
Маңғыстаудың жай түсiрiп тасына,
Көкшетаудың бұлт үйiрiп басына.
Мағжан-жырым тыңдатады күн, айды,
Мағжан-жырым мұңайтады құдайды.
Сол бiр жырдың мұңын,
зарын естiп
Сарыарқаны сабалап жел жылайды.
Кетедi одан –
тебiренiп тереңiм,
кетедi одан –
емiренiп белеңiм.
Бара жатыр орынынан қозғалып
азу тiстi көкжал түрiк әлемiм,
Ұлы Тұран – бас имеген – Өр елiм.
Жан-жүректi айналдырып ертеңге,
әнiн айтып,
зарын айтып өлкемде, –
Жеткiзем деп бар азабын қазақтың
ұшып бара жатыр сол жыр Ертеңге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарағандының қаралы күнінде жазылған өлең

  • 0
  • 0

Азаматтарынан айрылған
Алып Қарағанды
Қаралы!
Қайғы ішіп, қан жылаған

Толық

Өткен мен бүгінгі күн

  • 0
  • 0

Сонау бір
Қиыр алыстағы
Өткен заманда —
“Май болса,

Толық

Нармахан Бегалы

  • 0
  • 0

Қара күштiң иесi
Қажымұқанның жерлесi,
Бегалыұлы Нармахан,
Саған тұғыр екен

Толық

Қарап көріңіз