Өлең, жыр, ақындар

Нармахан Бегалы

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 902
Қара күштiң иесi
Қажымұқанның жерлесi,
Бегалыұлы Нармахан,
Саған тұғыр екен
Әр тауың мен әр жотаң.
Сен Қажымұқандай
Тас көтере алмайсың.
Сен Қажымұқандай
Темiр ие алмайсың.
Сен тiптi
Қыбырлаған құмырсқаға да
Тие алмайсың.
Бiрақ сен сөйлесең
Ордабасы, Өгем де,
Қазығұрт пен Бөген де
Сөйлеп тұрады –
Сол кезде адамның басына
Тауға жиналған бұлттай
Ой кеп тұрады.
Сен темiр түгiлi
Бұтақ та сындырмайсың.
Бұтақ түгiлi – өзгеге! –
Туған жерiңнен
Жапырақ жұлдырмайсың.
Сен бiрақ
Ерсiнiп келгендi –
Тоңқалаң асырып! –
Сөзбенен түйреп жiбересiң.
Пәлсiнiп келгендi –
Қара балшық қып
Сөзбенен илеп жiбересiң.
Илеп жiбересiң де
Кесек қып құйып –
Ит саритын! –
Қораның бұрышына
Қалап тастайсың,
Немесе,
Сөздердiң дойырымен
Қанжоса қып
Сабап тастайсың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұрқанып

  • 0
  • 0

Бұрқанып,
дүрлiгiп,
алқынған,
тiрлiктi төңкерiп тастардай,

Толық

Қарапайым адам

  • 0
  • 0

Неткен бай ол сабыр менен төзiмге,
жүре алады ол өз даңқын да сезiнбей.
Қарапайым
тiршiлiгi, тынысы,

Толық

Антенна

  • 0
  • 0

Өз бойынан өткiзген тасқын, ағын
экранның алдында қаншама рет,
Қаншама рет күлдiм мен, жас бұладым, –
селтиiп тұрғанда сен бұрышымда

Толық

Қарап көріңіз