Өлең, жыр, ақындар

Бір метей су

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 333
Көршiмнiң немересiнiң шiлдеханасына бiр топ адам жиналдық. Жұрт әдеттегiдей кезек-кезек сөз сөйлеп, жөн-жоралғысын жасап жатты. Соз кезегi Гүлсiм атты жеңгемiзге жеттi. Ол кiсi сый-сияпатын жасап болып, тосын жоралғы көрсеттi. Нәрестеге ата қоныстағы шыңыраудан бiр метей су (терiден тiгiлген қауға) әкеп беретiнiн айтты...

Ән сыйлады – жұрт мынау –
жыр сыйлады.
Сыр сыйлады,
ақ тiлек нұр сыйлады...
Ал жеңгемiз бабалар шыңырауынан
нәрестеге бiр метей су сыйлады.
Су сыйлады бiр метей, –
қарағым-ай –
(Қарапайым қазақтың даналығы-ай!?)
Сол жоралғы қанымды қозғап менiң
мөлтеңдеген жас келдi жанарыма-ай!
Iрiлiктi көрмейдi –
көр кеудеңiз.
Iрiлiктi көредi –
өр кеудеңiз...
Нәрестеге сыйлап ап бiр метей су
былай дедi сонан соң сол жеңгемiз:
– Нәрестенiң күн қонсын маңдайына.
Шаң мен тозаң қонбасын шалғайына...
Алдыменен сол судан, –
өтiнемiн! –
тамызыңдар баланың таңдайына.
Айналар ол –
тiршiлiк ағысына,
айналар ол –
ел мен жұрт арысына.
Тамызыңдар таңдайға,
кетер болса
шөлдеп жүрсiн ата жұрт қонысына.
Таңдайына су тамыз, –
өтiнемiн! –
(Тыңдап соны сөгiлдiм,
сетiнедiм).
Тамызыңдар сол судан таңдайына
бұлақ етер баланың көкiрегiн.
Су деп мына тiршiлiк елжiредi!
Су болса егер тасқа да қан жүредi.
Шыңырау суын тамызшы таңдайына,
Шыңырау болсын баланың жан-жүрегi.
Тұла бойды,
тамырды ағын қылып,
нұр себелеп тұр қазiр жаным күлiп.
Алыңдаршы, өтiнем,
сонан кейiн
қалған суға баланы шомылдырып.
Бөтен ой мен жат сөздi алас еттiм,
адамымын жай ғана қара есептiң.
Суы сiңген адамға туған жердiң
Өртi тие алмайды жала, өсектiң.
Сақтай көрсiн, құдайым,
қағынғаннан.
Сақтай көрсiн, құдайым,
жағынғаннан.
Туған жерге ғұмыры кiр келтiрмес,
туған жердiң суына шомылған жан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайырымдылық

  • 0
  • 0

Ол келсе егер –
түн iшiнде таң атар,
таң атқызып жарығын ол таратар.
Сонда, сонда ең бiр асыл ақ жүрек,

Толық

Өсекшіге

  • 0
  • 0

Бәрiн де естисiң.
Бәрiн де көресiң.
Естiп, көрмесең –
Өлесiң.

Толық

Әлеуметтік жаңылтпаш

  • 0
  • 0

Әшкерленгенiң
Әшкере болмайды.
Әшкерелеушi
Әшкере болады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар