Өлең, жыр, ақындар

Қайырымдылық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 570
Ол келсе егер –
түн iшiнде таң атар,
таң атқызып жарығын ол таратар.
Сонда, сонда ең бiр асыл ақ жүрек,
сонда, сонда ең аялы алақан.
Ол келсе егер –
жауласқандар жарасқан,
соған барып тығылады адасқан.
Соның қолы көтередi алдымен
балапанды құлап түскен ағаштан.
Қиналғанға қолын берiп күй табар,
сиқы кеткен сисызға да сый тағар.
Құлағанның қолтығынан көтерiп,
жылағанның маңдайынан сыйпаған!
Неткен жүрек,
неткен биiк, кең жүрек
жүргенi тек жалау болып желбiреп.
Отырады тiптi кейде, құдай-ай,
қара тастай қатыгезге елжiреп.
Ол жаралған туыстық пен достықтан,
Ол күйiнген,
күйiнген ол мастыққа.
Қолындағы нанын берiп жiберген
өзi аш қалып аштықта.
Ешкiмдi де көрмеген ол жатсынып,
жүр бiреудi бiреулерге тапсырып.
Жамандыққа – бiр кезде өзiн қорғаған –
жанын салып жасайды ол жақсылық.
Айтсақ егер жарылып бiр ағынан
бұл тiршiлiк –
құламастан бағына –
соның, соның жүрегiне жылынып,
сүйенiп тұр соның алақанына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертегi әлемiм

  • 0
  • 0

Ертегi әлемiм!
Сенi еске алып ем
Күндей күркiреп,
Айдаhардай бүктелiп

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн

Толық

Гөй-гөй!

  • 0
  • 0

Таусылмайды жыры гөй-гөйдiң.
Алтай шөгiп,
Алатау көшкенше сөйлеймiн.
Атырау суалып,

Толық

Қарап көріңіз