Өлең, жыр, ақындар

Мағынасыз өлең

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Мылтық дауысы тарс еттi.
Асыранды ит арс еттi.
Естi мынау дүние
топастарды жаршы еттi.
Қоныс iздеп жырадан
сайтан мiнiп жүр адам.
Күнiменен күлгендер
түнiменен жылаған.
Қурап қалып өнгендер,
қайта жанды сөнгендер.
Сүйектерi сықырлап
тұрып кеттi өлгендер.
Бiтеу iсiк жараны
бiр шошқа кеп жарады.
Байғыз құсап сұңқылдап
сөздер ұшып барады.
Тұла бойды орап бiр
жылан менi жалап тұр,–
ту сыртымнан есалаң
есi кетiп қарап тұр.
Құрт деп жарық күнiңдi,
сағындым деп түнiмдi,
күндей сұлу қарындас
күң болам деп жүгiрдi.
Сарсаң етiп басқаны
ойдың өлдi дастаны.
Кесiп бiреу өз тiлiн
ит алдына тастады.
Арсыз ту қып шындықты,
арлы сүйдi сұмдықты...
Азат елдiң адамы
аңсап тұрды құлдықты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шер мен жел

  • 0
  • 0

Әзiр жазуға болмайтын
Бiр жырым бар едi, –
Кеудемнiң түбiне тығып
Сабырымды тас етiп

Толық

Түнгі қалаға оралу

  • 0
  • 0

Жұлдыз болып ағып сенiң төбеңнен
ойларыммен
арман
қиял,

Толық

Мешкейлер жарысы

  • 0
  • 0

Құлқындары
Қырық құлаш терең.
Арандары
Алпыс кез апандай

Толық

Қарап көріңіз