Өлең, жыр, ақындар

Мешкейлер жарысы

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 494
Құлқындары
Қырық құлаш терең.
Арандары
Алпыс кез апандай
Мешкей бiткен
Жарысқа түстi.
Жан берiсiп,
Жан алысатындай
Сайысқа түстi.
Түйенi түгiмен,
Биенi бүгiмен жұтатын
Баяғы мешкейлер
Далада қалды –
Бiр сүйем шабақтай боп
Жағада қалды.
Келген бойда
Қора-қора қойларды
Қотанымен жұтты,
Табын-табын сиырды
Бұқаларымен қосып
Торпағымен жұтты.
Үйiр-үйiр жылқыларыңды
Сыпырып алып
Уысына қысып шыңғыртты.
Көмейiне
Бiр-ақ қылғытты.
Шұбалып, шұбырып жатқан
Эшалон-эшалондарыңды
Бiлем-бiлем
Қазы мен қарта құрлы
Көрмедi.
Жұтқан сайын елiрдi.
Жеген сайын өрледi.
Қара жерiмдi
Доңыздай қопарды.
Өзен, көлiмдi
Сорпадай қотарды.
Темiр-терсектердi
Өлексенiң қанқаларына
Қонған құзғындай
Шашып жедi.
Алтын, күмiстердi
Бауырына басып жедi.
Теңгелерiңдi
Тең-теңiмен,
Долларларыңды
Дорба-қабымен асады.
(Құдай-ау,
Тәбетiн қашан басады).
Жердiң үстiнен де,
Астынан да түк қоймады.
Бәрiбiр тоймады!
Жарыс жалғасып жатты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шерхан Мұртаза

  • 0
  • 0

Қабағы
Жауар бұлттай түйiлiп,
Қастары
Адырнадай иiлiп

Толық

Доп

  • 0
  • 0

Бұл заман —
Доптың заманы!
Бүкіл әлемде
Доптың ойыны

Толық

Үйлер

  • 0
  • 0

Замананың рух күшiн ашқандай,
үйлер, үйлер көтерiлiп аспанға
сөйлеп тұрар құдiреттi үндермен
бетондармен жазылған бiр дастандай.

Толық

Қарап көріңіз