Өлең, жыр, ақындар

Ақын деген...

Ақын деген тұңғыйықтың тереңі,
Ақын деген адамзаттың керегі.
Ақын деген бар шындықты пенденің,
Қысылмастан бетіне айтып береді.
Ақын деген қараңғы түн жарығы,
Ыстық күнмен шымыр аяз қаруы.
Сондықтанда құрметтемейді оларды,
Өмірдегі адамдардың ағымы.
Не қалайды артық олар соншама?
Өз халқының махаббаты болса да,
Тұнып тұрған өміріне ақынның
Ей бауырым, ешқашанда қол сама?!
Тірісінде сыйлау керек оларды,
Өлгеннен соң құрметтен ол не алды?
Тастан емес алтыннан құй қорғанын,
Қандай пайда ол мәңгіге дем алды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз