Өлең, жыр, ақындар

Жалаңаш

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 440
Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
Құм жалаңаш,
сайың мен қыр жалаңаш.
Ұятынан безiнген бұл дүние
тыр жалаңаш, құдай-ай,
тыр жалаңаш.
Алла,
өзiң сабыр бер iндетiңе –
кешiрiмдi жасай көр үмбетiңе.
Алпыстағы қария үңiледi
тыр жалаңаш әйелдiң суретiне.
Қатер-итке өзiмдi талатамын.
Адамдықты кәдiк қой тонатарың.
Әйелдерге жалаңаш үңiледi
темiрқанат сарыезу балапаның.
Жалаңаш пен жалаңаш табысады.
Жалаңаш пен жалаңаш қауышады.
Экранда –
төрiңдi ойнақ етiп
тыр жалаңаш адамдар алысады.
Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
қыр жалаңаш,
сайың мен құм жалаңаш.
Отыздағы ұлыңыз, – елдi ұмытқан –
есiл-дертi әйел боп тыр жалаңаш!
Бұлай кетсе дүние талақ болар,
Татулық пен ынтымақ тарап болар.
Тыр жалаңаш әйелдер қаптап кетсе
тiршiлiктiң бәрi де харап болар.
Аруақты елiм мен жерiмдегi
ар-ождан мен ұяттың сөгiлгенi.
тыр жалаңаш әйелдер қаптап кетсе
абыройдың айрандай төгiлгенi.
Сөз жалаңаш, дәл қазiр,
жыр жалаңаш.
Құм жалаңаш,
сайың мен қыр жалаңаш.
Ұятынан безiнген бұл дүние
тыр жалаңаш, құдай-ай,
тыр жалаңаш.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маймылдар патшалығы

  • 0
  • 0

Дедi ме екен: осылай бiр сынаймын!
Ықылысты нұры түсiп Күн, Айдың –
Патшалыққа ие болды маймылдар
Бiр күндерi қалауымен құдайдың

Толық

Бояулар құпиясы

  • 0
  • 0

Даңқы әлем шарлаған
Құндылық боп, қымбат боп, –
Ойды, көздi арбаған
Тұр мұнара жұмақ боп.

Толық

Хал

  • 0
  • 0

Білмедім:
Кім ұтылып,
Кім ұтуда?
Білгенім:

Толық

Қарап көріңіз