Өлең, жыр, ақындар

Көне қорымда тартылған күй

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 377
Бойымда бұрын, сiрә, сезiлмеген
басқаша болдым сонда сезiмде мен –
тартылған көне мынау қорымдағы
құлақ сап домбыраға безiлдеген.
Мынау саз,
әуендегi тыныс қандай,
керемет құсқа айналып жыр ұшқандай.
Құлақ сал,
құлақ салшы мына күйге,
өлiм мен өмiр қазiр ұғысқандай.
Бiреуi опырайып
қирап бiткен
бiреуi салтанатты –
сыйлап күткен, –
Алапат мына күйге есi кетiп
үн-түнсiз ұйып қапты зират бiткен.
Неғылам мұның бәрiн босқа құрап!..
Со-оу шетте бүлк еткендей бос топырақ.
Құйылып төгiлгенде құдiрет күй
кеткендей болды дейсiң тас қақырап.
Дәл қазiр –
жан-жүрегiм емiнiп тұр.
Дәл қазiр –
жан-жүрегiм сөгiлiп тұр.
Домбыра аңрап, аңрап алды-дағы
бiр кезде кеттi дейсiң егiлiп бiр.
Ұя сап жатқан мұнда құстар елi
күйменен тебiренiп ұшқан едi...
Бұл өмiр
осыншалық ұзақ па едi?!
Бұл өмiр
осыншалық қысқа ма едi?!
Бағымды тағы сынап көрем деп бiр
кеудеме түйдек-түйдек өлең кеп тұр.
...Бозбала қабiрiнiң шетте жатқан
селтиiп құлақшасы елеңдеп тұр.
Жанымнан төгiлiп бiр жапырағым,
үн-түнсiз ұйып қапты атырабым.
Көк тасқа тамыр бiтiп
мына күйден –
торқаға айналғандай топырағым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар

  • 0
  • 0

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.
Өткiрленiп бара жатыр түнгi ызғар.
Үзiлiп-ақ кетердей боп дiрiлдеп
зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.

Толық

Әурешілік

  • 0
  • 0

Ұмтылдым.
Жұлқындым.
Пайда таппадым.
Басқаша

Толық

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды

  • 0
  • 0

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды
образ, ой боп табысып —
ақтарып бәрiн сөйлеген
өзеннiң, көлдiң, орманның

Толық

Қарап көріңіз