Өлең, жыр, ақындар

Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 434
Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.
Өткiрленiп бара жатыр түнгi ызғар.
Үзiлiп-ақ кетердей боп дiрiлдеп
зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.
Дiрiлдеген жабысып ап көгiме
бiрi жақын, бiрi жырақ әрiде...
Күн де жұлдыз.
Ай да жұлдыз, Жер-жұлдыз.
Жұлдыздар ғой, жұлдыздар ғой бәрi де.
Көкке мынау –
жұлдыздардан қайнаған –
қараймын да толқып кенет ойланам.
Тамып жатыр, ағып жатыр жұлдыздар –
жұлдыздардың жаңбыры ғой айналам.
Әлсiз мұнда айла-әрекет, күшiң де!
көре көрме бұл суреттi түсiңде –
бiз де тұрмыз кеңiстiкке iлiнiп
дiрiлдеген бiр жұлдыздың iшiнде.
Болашаққа, нұрлы ертеңге жетем деп,
тұрмыз бiздер сол жұлдызды мекендеп.
Қорқамыз бiз тұңғиыққа, құрдымға
сол бiр жұлдыз тамып кетер ме екен деп.
Зорға iлiнiп тұр аспанда жұлдыздар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір сөздің тағдыры

  • 0
  • 0

Ап-ауыр
Ой арқалаған
Бір сөзім
Шырқау биікке көтерілді.

Толық

Не боп кеттi дүние?

  • 0
  • 0

Дүние алжасты.
Елдер мен елдер
Бiрiн бiрi
Тозақтың iшiне тығып

Толық

Шапқыншылық

  • 0
  • 0

Аңдаусызда жау шапты.
Омыртқаларымды бордай үктi.
Қабырғаларымды
Қураған қамыстай

Толық

Қарап көріңіз