Өлең, жыр, ақындар

Алыс пен жақындық туралы жыр

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Сол жағымда қара нөсер құйып тұр,
ал оң жағым аптап шөлге күйiп тұр...
Алыс жер жоқ, алыс жер жоқ дәл қазiр
бәрi маған – қол созым жер – тиiп тұр.
Бәрi жақын, бәрi жақын шынында –;
шөл мен теңiз. Мұзды мұхит, шыңың да.
Бiрте, бiрте жоқ боп бара жатыр ғой
осы бiр сәт алыс деген ұғым да.
Сырыңды ашып, ойды оқитын iштегi
мына заман неткен алғыр, күштi едi.
Естiлiп тұрды қиыр елдегi
жапырақтан шықтың тамып түскенi.
Ұшты уақыт ұшқыр ойдан қарқындап,
дыбыстан да жылдамдықпен жарқылдап...
Басқа құрлық, басқа ендiк, бойлықтан
отырамын жан балқытар ән тыңдап.
Тұрады ғой кейде түнде құтымды ап,
тұрады ғой кейде түнде зықымды ап –
Жер шарына жақын келiп айналып
әлдеқандай планета сықырлап.
Ай мен күнiң, Құс жолының алабы,
бәрi, бәрi жақын болып барады...
Күрсiнгенде Палестина жесiрi
отқа оранды дәптерiмнiң парағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құмыра немесе бүгінгі дию

  • 0
  • 0

Күлген,
жүрген,
жылаған,
шаттығы бар, мұңы да –

Толық

Сұлу

  • 0
  • 0

Ғажабын-ай!
Көрген кезде
Жүрегiңдi жарып жiберердей,
От қылып жағып жiберердей

Толық

Үміт пен күдік

  • 0
  • 0

Бiрi қатер, ал бiреуi игiлiк,
бiрi тербер, бiр салып қиғылық...
Үмiтiмдi өсiрiп ем гүл қылып,
күдiк-аптап жiбердi оны күйдiрiп.

Толық

Қарап көріңіз