Өлең, жыр, ақындар

Жалған дүние

Жалған дүние жетелейсің бізді қайда?
Жетелейсің сырғытып терең сайға.
Заманның талабынан сырт айналып,
Кеткенде мынау пендең терең ойға.

Адамдар дүниені қуып барат,
Байлықтың соңдарынан сырғып барат,
Өтірік мақтасаң сен шат қуанып,
Шындықты бетке бассаң,жұлып алат.

Ел ішінде көбі надан бола алмайды,
Біреулер опасыздық ойламайды.
Енді бірі Құдайға табынатын,
Жамандыққа ешқашан бойламайды.

Жалған дүние,
Қарасы бар,ағы бар
Жалған дүние,арамы бар,адалы бар.
Дүниенің әрбір түкпірінде,
Екі ойлы жақсысы мен жаманы бар.

Жалған дүние,
Ертедегі салмақты ерлер қайда?
Ағайынды бірлескен күндер қайда?
Етегі желбіреген жерге тиіп,
Қарагөз аппақ сұлу,гүлдер қайда?

Табу қиын,мұндай адам бұл заманда,
Адамдары тура келді, қоғамға.
Заманның өзгергені білінеді,
Бұл сырымыз белгілі әр адамға.



Пікірлер (2)

Амандық

Сәл сәл піспе қалған тұстары бар қарындасым дей тұрғанмен жаман емес талабыңа нұр жаусын.

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз