Өлең, жыр, ақындар

Жүректегі сілкініс

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Сiлкiнiс боп жатыр тағы жүректе!
Жарық күнiм айналғандай түнекке.
Ұлы жердiң сiлкiнгенi секiлдi
сiлкiнiс боп жатыр тағы жүректе!
Тасып, бұрқап, көтерiлiп тереңiм,
жапырағын шашты жұлып терегiм...
Қалып тұр ғой қауiп пенен қатерде
менiң iшкi әлемiм!
Орын бермей лауазым мен атаққа
күйген талай жала менен нақаққа.
Менiң құйттай жұмбақ сол бiр әлемiм
ұшырайтын секiлдi ме апатқа?!
Тiрлiк қайда жайраң қаққан күндегi,
сөздер қайда күмбiрлеген тiлдегi?!
Қопарылып құлардай боп тап қазiр
сықырлайды тағдырымның дiңгегi!
Күтiр етiп көмейдегi үн сынады!
Сiлкiнiстен таусылып бар шыдамы
сөнiп кете,
сөнiп кете жаздап тұр
үмiтiмнiң шырағы.
Сәл саябыр табады да басылып,
жүрек қайта сiлкiнедi тасынып.
Қорқынышым ойбайлайды
күдiктiң
одан сайын зәре-құтын қашырып.
Жоқ болар ма мендегi осы әлем бұл.
Қайда кеткен желеп-жебер өлең-жыр!
Арманымның ақ сарайы шайқалып,
қиялымның көк күмбезi әрең тұр.
Қалып қойған қараңғы бiр түнекте
әлдене деп күмбiрлейдi тiлек те.
Ұлы Жердiң сiлкiнгенi секiлдi
сiлкiнiс боп жатыр әлi жүректе!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тирде

  • 0
  • 0

«Ондыққа»
Қара шегедей
Қадаймыз деп оқтарды
Жұрттарды басқа елемей

Толық

Қапалану

  • 0
  • 0

Арал теңiзiм –
Тұз сеуiп
Жиналмай қалған терiдей
Тырысып

Толық

Нармахан Бегалы

  • 0
  • 0

Қара күштiң иесi
Қажымұқанның жерлесi,
Бегалыұлы Нармахан,
Саған тұғыр екен

Толық

Қарап көріңіз