Өлең, жыр, ақындар

Тирде

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 375
«Ондыққа»
Қара шегедей
Қадаймыз деп оқтарды
Жұрттарды басқа елемей
шуладық,
күлдiк,
мақтандық.
Көздедiк ұзақ қадалып
«Ондыққа» шiркiн тисем деп.
Оқтарды қанша қададық
Дөңгелек қара мишеньге.
Мылтықты қысып теңселтпей
Аттық бiз тағы, –
тағы да...
Оқтарды мишень
сол сәтте
Тұрғандай бейне қағып ап.
«Ондықты» iздеп көзiмен
Бiреу дәл,
Бiреу құр атты.
Әйтеуiр мишень өзiне
Магнит құсап
Оқтарды
Тартып ап жатқан сияқты.
Айтпас ем мұны көрмесем
Керек қой айту жаңылмай.
Оқтарды аулап тұр мишень
Сөздердi аулап алатын
Әуенiң толқындарындай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүниеде үшеу жүр

  • 0
  • 0

Дүниеде үшеу жүр.
Бiреуi
Өзiнiң iшiне кiрiп,
Бiреуi

Толық

Дауасыздық

  • 0
  • 0

Дүние аласапыран.
Астаң-кестең.
(Бұл әлем
Талай-талай аласапыран мен

Толық

Талқы

  • 0
  • 0

Өткен заманда –
Елiмдi –
Тауға апарып бiр соқты.
Тасқа апарып бiр соқты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар