Өлең, жыр, ақындар

Сталин өлген күні

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 245
Бұл күндi мен,
бұл күндi мен бiлемiн.
Есiме алсам бұлқынады жүрегiм.
Жылдар бойы алданғанын сезбеген
ағыл-тегiл жылап тұрды ұлы елiм.
Көз алдымда жұрттың өксiк солқылы.
Көз алдымда жұрттың қара толқыны.
...Кiм бiледi қай шайтанның түрткенiн
Қожан ағам iшiп апты сол күнi.
Жұмыс iстеп,
сөз сөйлейтiн белсенiп,
Қожан ағам жан-тын қарар ел сенiп.
Сталин сол өлген күнi
жүрiптi
Түркiстанның көшесiмен теңселiп.
Тұнжыраған рең қалмай реңнен
қара қайғы бар айнала түнерген...
Қожан ағам қолын сiлтеп сөз сөйлеп,
тiптi сонсоң ән салып та жiберген.
Оның бәрiн бiлмейдi ол бiрақ та.
Сөздер айтқан жағымсыздау құлаққа.
Келе жатып кедiр-бұдыр көшемен
бiр-екi рет тұрған сонсоң құлап та.
Оның бәрiн бiлмейдi өзi бiрақ та.
Құлап тұрған...
қолтығы да сөгiлген
ұстаймын деп әлдеқандай темiрден...
Оңбағанға – шаш орнына бас алған –
мынау сұмдық қылмыс болып көрiнген.
Бiреулерге жетiп келген кимелеп
сөздер айтқан Қожан ағам: тиме! – деп.
Басқа айыбы жоқ қой оның
бiрақ та
алып кеткен оны соғып, сүйрелеп...
Алданған жұрт шер, қайғысын ақтарып,
Сталиндi жоқтап жатты топталып...
...Сонан кейiн бiрер күннiң iшiнде
кеттi Қожан жиырма жылға сотталып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Опасыз жанға

  • 0
  • 0

Мен сенi өзгелерден
Тосын дейтiн едiм.
Асыл дейтiн едiм.
Сөйтсем,

Толық

Әкім інілеріме

  • 0
  • 0

Сендер бiздi
Жотаның үстiмен жүргiздiңдер,
Таулардың үстiне мiнгiздiңдер.
Қазақтың талай ақыны кiрмеген

Толық

Ертегісіз шындық

  • 0
  • 0

Мына біреу келді де
Тып-тыныш күнімді
Ұмар да жұмар қылды.
Жарқырап тұрған күнімді

Толық

Қарап көріңіз