Өлең, жыр, ақындар

Шүкіршілік


Шүкір деймін бергеніне,
Тәуба деймін жүргеніме.
Ақ пен қара бірге жүрер ,
Жеңіліс пен жеңісте бар бұл өмірде.
Қара жолақ болу керек әрине,
Әр адамды тәубәсіне түсіре.
Ақылменен шешу керек қиындықтар кездессе,
Тек адам түсінеді өз басына түскенде
Кінәліні іздеме сен жырақтан,
Осылардың кесірінен дей көрме.
Өмір деген өз дегенін жасайды,
Сондадағы қол қусырып сен кетпе.
Әділетсіздік маңайыңды жайлаған кездерде,
Әділдіктің туын көтер именбе.
Халқың сенің риза болсын.
Бар екен ғой адал жандар деп,
Еске алып қуанып, көргенде.
Жасай берсін шындық деген әлемде.
Орнатайық бейбіт өмір жер бетінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз