Өлең, жыр, ақындар

Күрес

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 525
Бiр-бiрiне шүйлiгiп
жарқ-жүрқ етiп әзiл де,
тойдың әбден ширығып
қызып түрған кезiнде,
қалғандай бiр үлестен
атын сабап қамшылап,
басталады күрес деп
жеткен шауып жаршылар.
Жанған оттан сан көзде
намыс болып тұтанып,
көтерiлген сол кезде
екi жақтан екi алып.
Кеткен шулап шартарап
жарылуға аз қалып...
Жүрген сонсоң ортада
екi төбе қозғалып.
Қалған олар ұстасып
бiрiн-бiрi белден ап,
буырқанып күш тасып
лақтырардай толғап ап.
Айқасқан қол қақпандай,
тұруын-ай тiресiп,
адам емес
жатқандай
екi төбе күресiп.
Түтiгiп бiр өңдерi
шығып кеткен ерiктен,
арсы-гүрсi демдерi
уhiлеген көрiктей.
Дәл астынан табанның
будақ-будақ шаң ұшып,
салмағынан олардың
жер де кеткен қайысып.
Долы қуат күштiң де
қайнап шығып жай тасы,
болған далам үстiнде
палуандар айқасы! –
бiр төбе мен бiр төбе
соқтығысып жатқандай,
бiр төбе мен бiр төбе
лақтырысып жатқандай.
Әрi-берi сiлке кеп
дүлей күштiң оты енiп,
бiр төбенi бiр төбе
бара жатқан көтерiп...
...Батам қазiр сан ойға
деме мүны ретсiз:
халқым менiң қалай да
тұра алмаған күрессiз.
Күрес десе жерiм де
ағынан бiр жарылып —
кемпiр, шал да, келiн де
жеткен оған ағылып.
Күрес десе талпынып
нәресте де iлескен, —
қайтсiн, халық тағдыры
тұрғаннан соң күрестен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауру дүние

  • 0
  • 0

Ауру қазiр,
ауру қазiр бәрi де,
айналды бұл менiң қайғы, шерiме.
Бәрi де ауру –

Толық

Сол жылдарды ойлап көршi санамен

  • 0
  • 0

Сол жылдарды ойлап көршi санамен:
көз алдында тұра қалар жаралы ел,
Отқа оранып бүлiнiп
жатқан ұлы қара Жер.

Толық

Алатаудың мәрттігі

  • 0
  • 0

Алатау батыр
Күндердің күнінде
Мінәйі бір себептермен
Қалмақ қоңтайшысының

Толық

Қарап көріңіз