Өлең, жыр, ақындар

Сол жылдарды ойлап көршi санамен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 393
Сол жылдарды ойлап көршi санамен:
көз алдында тұра қалар жаралы ел,
Отқа оранып бүлiнiп
жатқан ұлы қара Жер.
Қара Жер-ай,
не көрмедi ол, сiрә?
(еске түссе тұра алмайды жан шыдап.)
Құс сияқты қанатына оқ тиген
жатты қанша қансырап?
Алмас оны ешкiм сынап, мiней де,
қанша төздi ол соғыс зұлмат дүлейге.
Бомба деген сөз шықса егер
алдымен
Соның шашы тiк тұрады үрейден.
Қорға оны,
қолыңа сен ту ұста,
ұран таста,
жол берме сен ұрысқа.
Қаупi менен қаталдығы Бүгiннiң
Ендi оны ұстамақшы уыста...
Құртпақ болып орман, көлдi, қала мен,
өрекпiсе әлдекiмдер жаламен,
болады ғой кiшiрейiп кеткендей
бiр уыс боп қорқыныштан қара Жер.
Қиын шақ бұл ағартатын шашты да:
қиын шақ бұл қиналтатын тасты да!
Пана iздеген балапандай Жер Шары
тығылады жүрегiмнiң астында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түсініксіз хал

  • 0
  • 0

Мен қазір
Не анда жоқ
Не мұнда жоқ
Әрі-сәрімін.

Толық

Сатқынға

  • 0
  • 0

Еліңнің рухын саттың —
Өмірдің ұрығын саттың.
Дініңді саттың,
Тіліңді саттың,

Толық

Алаяқ

  • 0
  • 0

Мұңайып сөйлесең –
Өмiрден тәшпiш көрiп! –
Жүрегiңнен
Қан сорғалап тұрғандай.

Толық

Қарап көріңіз