Өлең, жыр, ақындар

Ауру дүние

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 302
Ауру қазiр,
ауру қазiр бәрi де,
айналды бұл менiң қайғы, шерiме.
Бәрi де ауру –
ұлы менiң даламның –
дауылы да,
бораны да,
желi де!
Iлесiп мен тұрған жоқпын дүрмекке,
өйтiп менi жала сөзге тiлдетпе.
Қарашы сен –
от сияқты жап-жасыл –
ауру бұлт кезiп әне жүр көкте.
Қалай жүрмiн,
қалай жүрмiн күзетпей –
(қояр емес тағдыр жанды мұз етпей) –
Толқи алмай,
шалқи алмай, әнеки,
сап-сары боп жатыр өзен сүзектей.
Бiр дерт жатыр тынысымда,
демiмде.
Сол демiмнен дақ түсердей темiрге.
Ауру бәрi –
тауың да ауру,
тасың да,
ауру қазiр ағашың да,
шөбiң де.
Бұл заманда мызғыма да,
көз iлме.
Сене берме төзiмге де,
сезiмге.
Уы сiңген ауа менен суымның –
ең сұмдығы! –
ауру қазiр сөзiң де.
Ең сұмдығы! –
сөз ауруы бiлемiн.
Осы, осы қасiретiм,
түнегiм.
Ауру сөздер,
ауру сөздер қаптаған...
қан жоса ғой сол сөздерден жүрегiм.
Хал-күйiмдi түсiн өзiң,
түсiнбе!
Онда менiң жоқ қой қазiр iсiм де.
Жүрiп келем –
Сұп-сұр болып қан-сөлсiз –
ауру мынау дүниенiң iшiнде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Полигон

  • 0
  • 0

Гөй-гөйiн мен айта алмаймын көмейдiң,
Жан тiлегiн,
жүрек сөзiн жебейiн.
Полигондар,

Толық

Безінгенде

  • 0
  • 0

Таппай оң мен солымды
Болам жолсыз қалғандай...
Қол алыссам
Қолымды

Толық

Менмен

  • 0
  • 0

Мен, мен деген дауысы
Дүниенi жаңғыртып
Алып барады.
Миымды – жаңғақтай! –

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар