Өлең, жыр, ақындар

Кісен

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 362
Көрсем оны бiр орнымда тұра алмай,
кетемiн ғой қазiр ендi сынардай...
Музейде ендi жатыр кiсен шынжырлы
екi басты шұбатылған жыландай.
Шағамын да қатырам деп табанда,
ашқарақ бiр ауызын ашып жалаңдап
екi басты темiр жылан ысылдап
жүрген менiң даламда.
Иретiлген шынжырлардан жаралған,
шыға келiп қауiптi iннен, қамалдан
аттаттырмай қарға адым жер
сол жылан
ақиқаттың аяғына оралған.
Халқы менен даласы үшiн ант етiп,
сөз алатын найзағайдай жарқ етiп
азаттықтың аяғына
сол жылан
оратылған сарт етiп.
Жатып-жатып үнсiз-түнсiз тыныстап,
кететұғын кенет шалқып құрыштап
кең даламның тұрмақ болған сол жылан
өлең-жырын,
ән мен күйiн уыстап.
Шыдай алар қалай ғана ар бұған,
шыдай алар қалай ғана жан бұған.
Кең даламның арманы мен үмiтiн
оратылып шырмап тұрған сол жылан.
Ашқан қанша ашқарақ қос шеңберiн,
өнер емес оған түскен өрнегiм.
Махаббатқа еркiндiктi аңсаған
салған барып қара темiр шеңгелiн.
Сылдыр етсе ол ұлы далам дiр еткен,
шығармаған оны қапас, түнектен.
Қос аяқтан шаққан жылан уы ендi
бiр-ақ шыққан жүректен.
Бүгiнде ендi музей оның тұрағы.
Көрсем бiрақ бар шыдамым сынады...
Сол заманды ойласам мен
жүректен
сол жыланның уы тамып тұрады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасіретім

  • 0
  • 0

Қара тасқа –
Маңдайымды! –
Елiмнiң қасiретiн
Айта-айта соқтым.

Толық

Болашақ туралы

  • 0
  • 0

Бiреулер
«Болашағымыз нұрлы» деп
Лағып кетедi.
Сол сөздерiмен

Толық

Жауабы жоқ сұрақ

  • 0
  • 0

Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Бағдаршамдардың көздерi

Толық

Қарап көріңіз