Өлең, жыр, ақындар

Болашақ туралы

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 402
Бiреулер
«Болашағымыз нұрлы» деп
Лағып кетедi.
Сол сөздерiмен
Жүрегiңдi тiлшелеп,
Миыңды жаңғақтай
Шағып кетедi.
Олар – немене?! –
Болашақты барып
Көрiп келiп пе?!
Адамдардың тағдырын –
Таразылап! –
Бөлiп берiп пе?!
Құдайым-ау,
Болашақ дегенiң –
Белгiсiз! –
Қараңғы түнек,
Құрдым ғой.
Қайда алып барары белгiсiз
Ауызы үңiрейген
Үңгiр ғой.
Қайдағы нұрлы болашақ?!
Болашақтың
Тамыры мен жолдарын
Өз қолдарыңмен
Қиып жатқан жоқсыңдар ма?!
Болашақтың алдына
Лас, қоқыстарыңды
Тау қылып
Үйiп жатқан жоқсыңдар ма?!
Болашақты –
Құрсағыңда! –
Тұншықтырып жатсыңдар ғой.
Ауыл-үй арасы емес
Планетааралық
Ұрыс-жанжалдарды
Ушықтырып жатсыңдар ғой.
Қайдағы нұрлы болашақ?!
Аңғал адамзат баласы-ай,
Бәрiн де кеш ұғып,
Бәрiн де кеш бiлесiң!
Сондықтан
«Болашағымыз нұрлы» дегендi
Сендер айтпаңдар,
Жаратқан жалғыз құдай
Естiмесiн!
Күнә болады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүректегі сілкініс

  • 0
  • 0

Сiлкiнiс боп жатыр тағы жүректе!
Жарық күнiм айналғандай түнекке.
Ұлы жердiң сiлкiнгенi секiлдi
сiлкiнiс боп жатыр тағы жүректе!

Толық

Ерлік

  • 0
  • 0

Азаттыққа құрық сап
қаратпастан бетiне
ойран ашып,
бүлiк сап

Толық

Ауа райы

  • 0
  • 0

Долы бір жел
Түс-әлпеті
Әлемтапырық
Қан-сөлсіз бұлттарды

Толық

Қарап көріңіз