Өлең, жыр, ақындар

Маскүнем

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 222
Жұмысыңды жiберетiн еңсерiп,
қарашы оны –
тұлғаға ие еңселi...
Келе жатыр
тегiс жерге сүрiнiп,
келе жатыр
желсiз күнi теңселiп.
Жоқ қой оның
қазiр сана, ақылы.
Жоқ қой оның
қазiр туыс, жақыны.
Iшкеннен соң,
iшкеннен соң күн-түнi
өзiн арақ iшiп қойған ақыры.
Iшiп қойған оның қуат, күшiн де,
Iшiп қойған оның арман, iсiн де.
Жүрiп жатыр оның бүкiл ғұмыры
бөтелкенiң iшiнде.
Бiлмейдi ол бүгiн, ертең, кешенi!
Текке кезiп жүрер ылғи көшенi.
Балшық оның
балшық оның өмiрi,
шалшық оның,
шалшық оның төсегi.
Жоқ қой оның арманы да аңсаған.
Жоқ қой қазiр онда ақыл, ой-сана.
...Қолын созып
әлдененi былдырлап
құлап жатып күш көрсетер бейшара.
Таптап былғап үмiтiн де, тiлегiн,
жоғалтқан ол тiршiлiкте тiрегiн.
...Көрген кезде азаматты қор болған
шаншып-шаншып кетедi ғой жүрегiң!
Бәрiн жиып қойған ар мен ұяттың
келедi ол iшiнде боз мұнарттың.
Жұрт еске алар тiрi жүрген оны ендi
өлген адам сияқты.
Жұмысыңды жiберетiн еңсерiп,
қарашы оны –
тұлғаға ие еңселi...
Келе жатыр –
тегiс жерге сүрiнiп,
келе жатыр –
желсiз күнi теңселiп.
Шайқалақтап жүр ғой әне, қарашы
таба алмастан екi-үш үйдiң арасын...
Мынау жарық,
мынау жарқын заманда
жолдан шығып кеткен жан ол адасып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктайғақ

  • 0
  • 0

Жердің үсті
Шыны қаптағандай
Көкпеңбек.
Аяз қысып тұрса да —

Толық

Құс аулаушы

  • 0
  • 0

Жүредi ол бар облыс, ауданда
арқаланып торлар менен ауларға.
Күн ұзаққа шаршап-талып, әлек боп
құс аулайды көл мен дала, таулардан.

Толық

Жәбірлену

  • 0
  • 0

Бүкiл жанын –
арсыздық кеп торлаған,
бүкiл жанын –
қансыздық кеп торлаған,

Толық

Қарап көріңіз