Өлең, жыр, ақындар

Көктайғақ

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 362
Жердің үсті
Шыны қаптағандай
Көкпеңбек.
Аяз қысып тұрса да —
Қарысып жүрем деп —
Кетесің көк тер боп.
Дәл алдыңда
Бара жатқан жан —
Кенеттен! —
Оқ тигендей
Жалп ете түседі.
(Жол шетінде отырған
Ала қарға
Жемтік көргендей
Қарқ ете түседі.)
Аспаның да,
Жерің де
Көкбет әйелдің
Бетіндей
Көкпеңбек...
(Апыр-ай,
Мына қу өмір
Жүргізер емес қой
Бәрінен өктем кеп.)
Аспанның
Бір шетінде
Қып-қызыл Күн,
Бір шетінде
Тышқан кемірген
Кепкен нандай боп
Ай қарап тұр...
Әйтеуір, дәл қазір
Көктайғақ
Көкбет дүние
Бейшара құсап
Ілбіп жүрмесең
Жалп еткіземін деп
Сырғанап,
Тайғанап тұр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоналу

  • 0
  • 0

Ешкiм әлi тоналған жоқ дәл мендей.
Бiттiм әбден,
дiңкем құрып өлердей.
Арғы-бергi дүниеде,

Толық

Өттi тағы бұл өмiрден бiр адам

  • 0
  • 0

Өттi тағы бұл өмiрден бiр адам
өзiмiздей күлген, жүрген, жылаған.
Өн бойыңнан азалы бiр үн шығып
өз-өзiңнен тұрасың ғой тұншығып.

Толық

Бодан заманы

  • 0
  • 0

Иен далада
Ұшқан құстай
Азат едiм.
Көлге шомылып,

Толық

Қарап көріңіз