Өлең, жыр, ақындар

Оранып ап жап-жасыл шарқатына

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 181
Оранып ап жап-жасыл шарқатына
көктем келдi тағы да Алматыма.
Газондар мен бульварлар өрттей ыстық
қызыл, сары гүлдердiң толды отына.
Жолды көмiп
талайды адастырған
болмайтын да шығар-ау толас бұған... –
қаптап өсiп жап-жасыл бiр дүние
көтерiлiп келедi жер астынан.
Жаңбырлардан, топырақ, бұлақ күннен
керемет бiр бойына қуат кiрген,
жүрмесе егер адамдар
асфальтiңдi
тастар едi аударып бiр-ақ күнде!
Көктем ғой бұл кептiрген кенезеңдi,
бiлмейтұғын жасанды ережеңдi...
Кеше ғана жалаңаш бұтақтардың
жапырағы түртедi терезеңдi.
Тыныстауға дамылдап бекiндi де
мезгiл таяп барады екiндiге...
Тырналардың тiзбегi ұшып өткен
жапырақты бұтақтар секiлдi ме?..
Көктем кербез өзiне тартады да
қаратады аспанның алқабына, –
бұйра-бұйра бұлттар қонақтаған
биiк-биiк үйлердiң балконына.
Аламын деп мұндайда тыным қалай,
есiтем деп көктемнiң жырын талай,
аппақ фонтан
ақ көбiк шампан құйған
ағыл-тегiл тасиды рюмкадай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көп балалы үй

  • 0
  • 0

Болашағы улап-шулап жатқасын,
қарт та иедi тап осы үйге ақ басын.
Кұшақ-сынды шалқасынан ашылған,
шалқасынан ашық бұл үй қақпасы.

Толық

Аластау

  • 0
  • 0

Шалғынымды шаң қылып,
жайлауымды жандырып, –
жұмағымды жайқалған
айналдырған тозаққа;

Толық

Алаң көңіл

  • 0
  • 0

Заманның лебі
Суып барады.
Құдай-ау,
Қашан ол

Толық

Қарап көріңіз