Өлең, жыр, ақындар

Аластау

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 461
Шалғынымды шаң қылып,
жайлауымды жандырып, –
жұмағымды жайқалған
айналдырған тозаққа;
құнарымды май бөккен
салған зұлмат азапқа;
айналаны азан қып,
аймағымды тозаң қып –
бөрлiктiрiп күн-түнi
дүбiрiмен дүбiлiс –
менiң байтақ Жерiмде
бүлiк сап жүр Iбiлiс.
Арқам қозып мен сонда, –
бүкiл тұла бойыма
қырық пышақ салдырып,
қырық ине түйретiп;
салдыр-гүлдiр шулаған
қара шынжыр сүйретiп;
бұжыр қара тастардың
бекiнiсiн күйретiп;
оң қолыммен оқ кезеп,
сол қолыммен от көсеп;
айбаттанып ақырып
аруақтарымды шақырып;
көбiк шашқан аузынан
бураларға таптатып,
аспанымнен қап-қара
бұлттарды қаптатып;
өрт тигiзiп шашына,
жай түсiрiп басына –
тұла бойы тұратын
ажал менен өлiмнен
аластаймын осылай
Iбiлiстi жерiмнен.
Асылымды аздырып
ардағымды тоздырып;
құлға балап арысты
аяққа сап намысты;
қорлығы мен зорлығын
күннен-күнге үдетiп;
береке мен байлықты
жүндей түтiп жүдетiп;
көрген күндi азап қып,
абыройды мазақ қып
қара бәле жармасты! –
Қос өкпеден тепкiлеп
иығына елiмнiң
мiнiп апты Албасты.
Арқам қозып мен сонда, –
бүкiл тұла бойыма
қырық пышақ салдырып,
қырық ине түйретiп;
салдыр-гүлдiр шулаған
қара шынжыр сүйретiп;
бұжыр қара тастардың
бекiнiсiн күйретiп;
оң қолыммен оқ кезеп,
сол қолыммен от көсеп;
айбаттанып ақырып,
аруақтарымды шақырып;
көбiк шашқан аузынан
бураларға таптатып,
аспанымнан қап-қара
бұлттарды қаптатып;
өрт тигiзiп шашына –
жай түсiрiп басына
құтырынып, құбылып
басқан келiп белiмнен, –
аластаймын осылай
Албастыны елiмнен!
Сонан кейiн мен ендi
жын-перiсiн, шайтанын
қалып қойған шашылып, –
көшiремiн жиып ап
Алатаудан асырып!
Одан қалып қойғанын
пәлекет деп басқа ұрып,
өлiмшi етiп тасқа ұрып –
тастаймын ғой бiржола
Қаратаумен бастырып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шарасыздық

  • 0
  • 0

Тауқыметте жүрсеңдағы сен мейлi
маңдайыңа жазғаны осы көн дейдi.
Көре тұра көрмеген боп сонан соң
дүниенi кең дейдi ғой, кең дейдi.

Толық

Ауру Қазақстан

  • 0
  • 0

Сынап бағаналары
Шегiне жетiп
Дәл қазiр
Қазақстанның қызуы

Толық

Түрме

  • 0
  • 0

Елiмнiң үстiне
Елдердi көшiрiп төктi.
Ерегесiп ем
Өшiгiп кеттi.

Толық

Қарап көріңіз