Өлең, жыр, ақындар

Көп балалы үй

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 283
Болашағы улап-шулап жатқасын,
қарт та иедi тап осы үйге ақ басын.
Кұшақ-сынды шалқасынан ашылған,
шалқасынан ашық бұл үй қақпасы.
Осы үйден сен көре аласың, жан досым,
бiреу емес сан ұрпақтың жалғасын.
Немере мен шөберелер дауысы
желпiп тұрар осы бiр үй ауласын.
Осында екен үйлесiм мен келiсiм.
Осында екен тiрлiктегi жеңiсiң.
Осы аулаға табиғаттың өзi кеп
шашып келiп жiбергендей жемiсiн.
Кiре қалсаң жан-жағыңнан қамалап,
әлдененi сұрап алып ағалап,
кұлдыраңдап шауып бара жатады
домаланған кiл бiр қара домалақ.
Көрiнбейтiн қиындығы, азабы,
басқаша ғой осы бiр үй ажары.
Улап-шулап көшiп келген секiлдi
осы аулаға Самарқанның базары.
Өн бойыңа кетедi ғой қан тарап.
Алда қанша жолдар жатыр сан торап.
Сол жолдармен бара жатыр тап қазiр
Сол балалар,
бiрiн-бiрi жетектеп,
бiрiн-бiрi арқалап.
Соларда ғой ертеңгi үнiң, күшiң де,
сенiм, үмiт, арманың да, iсiң де.
Шапқылап жүр кiп-кiшкентай өрендер,
осы бiр үй ауласының iшiнде!
Осы үйдегi дәулет қандай, бақ қандай!
Осы үйдегi шаттық тұнған шақ қандай!
Алақандай шағын осы аулада
қалың орман өсiп келе жатқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңім

  • 0
  • 0

Өлеңім-ау!
Дүниенің түрі жаман!
Түптің-түбінде қалжырап
Сен де өлесің,

Толық

Айдаудағы арыстар

  • 0
  • 0

Елiне теңдiк сұрТемірхан Медетбекаған
Арыстарымның
Мойнына бұғау түсiп,
Аяқ-қолдары

Толық

Жақсы сөз

  • 0
  • 0

Мен бүгiн
Жанымды майдай ерiткен
Жақсы сөз естiдiм.
Сол сөзден

Толық

Қарап көріңіз