Өлең, жыр, ақындар

Бұл дүниеге қарасам

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 241
Бұл дүниеге қарасам
Ойым онға,
Санам санға бөлiнедi.
Кеудемдегi жүрегiм
Қауiптi тозаң мен
Қатерлi шаңға көмiледi.
Жап-жасыл уы ақтарылып
Өтiм жарылады.
Күйедей қап-қара боп
Өкпем қабынады.
Өзегiмнен өрт шығады.
Сол өрттен
Жазылмайтын дерт шығады.
Бұл дүние
Қабырғамды қаусатып,
Омыртқамды опырғандай болады.
Үмiтiм мен арманым
Ұшар жерi де жоқ,
Ұшса,
Қонар жерi де жоқ
Абақтыда отырғандай болады.
Бұл дүниеге қарасам —
Жаным шошып,
Ұшынып кетедi.
Балаларымнан басқа
Бауыры жоқ — бауырым! —
Күптей боп
Iсiнiп кетедi.
Қайсарлығым да зарланып
Аш қасқырдай
Ұлып тұрады.
... Сонда да — лағнет атқыр! –
Бұл дүниеге
Бүйрегiм бұрып тұрады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көрер мұны жан болса егер аңғарар

  • 0
  • 0

Көрер мұны жан болса егер аңғарар.
Аңғарар да өз-өзiнен таң қалар.
Көбейiп-ақ кетiптi ғой, апыр-ай,
Алматыда сауысқан мен қарғалар.

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн

Толық

Маған ендi не дейсiң?!

  • 0
  • 0

Жерге қолымды салсам
Байлық ұстадым.
Көкке қолымды созсам
Айды ұстадым.

Толық

Қарап көріңіз