Өлең, жыр, ақындар

Далон асуында

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 334
Қос бүйiрiн қысып қара тастарға,
өрмелеген шатқалдардан асқарға –
алдымызда жол жатыр
арқан-сынды тасталынған аспаннан.
Салқындайды таудың iшi.
Тоңамыз.
Жақындайды шың мен бiздiң арамыз.
Қанаты бар құстың өзi жете алмас.
биiктiкке,
биiктiкке барамыз.
Тайып кетсең таппайтұғын тиянақ,
тiк жартастан шығамыз-ау қиялап.
барамыз бiз бос кузовтың үстiне
бұйра-бұйра бұлттарды тиеп ап.
Десем-дағы:
көргенiме ырзамын,
шүберекке түйiлiп-ақ тұр жаным, –
бұрқыраған долы тасқын бiр жағым,
құлдыраған түпсiз шыңырау бiр жағым.
Ең ақырғы асу да ендi басталған
өзiңе-өзiң дейсiң ендi:
жасқанба!
Ақырғы асу...
бiр ұмтылып ырғалып
шықтық бiздер
машинамен
аспанға!
Қарсы алдымда –
құз жартасты иықтап,
босап шығып шатқалдардан,
тұйықтан –
қойынына найзағайын тығып ап
сырғып келе жатты қара бұлттар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бауырдағы тас

  • 0
  • 0

Шүкiр, аман жер шебi, –
Аман бақ та, бауым да...
Бiрақ басып еңсенi
Тас жатыр ғой бауырда!

Толық

Кесілген ағаштар

  • 0
  • 0

Күн суық, заман суық, суық, суық.
Суықтық жатыр жұртты қуып шығып.
Боран мен борасындар бұрқырайды
тiрлiктi жiберердей бүлiк қылып.

Толық

Бір метей су

  • 0
  • 0

Ән сыйлады – жұрт мынау –
жыр сыйлады.
Сыр сыйлады,
ақ тiлек нұр сыйлады...

Толық

Қарап көріңіз