Өлең, жыр, ақындар

Қалай адаспайсың?

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 492
Қарыс жер көрсетпей –
Тұмшалаған! –
Тұманның iшiнде қалсаң
Қалай адаспайсың?
Не сенерiңдi бiлмей,
Не сенбесiңдi бiлмей,
Не көнерiңдi бiлмей,
Не көнбесiңдi бiлмей
Күмәннiң iшiнде қалсаң
Қалай адаспайсың?
Қалай адаспайсың?
Қара бұлт басып
Қара түнек болған
Түнде қалсаң;
Айтарыңды
Қақыратып айтатын
Тiлден қалсаң –
Қалай адаспайсың?
Құжынаған
Өтiрiк пен өсек
Ортасына алып
Iбiлiс пен жын
Жан-жағыңнан қамап жатса
Қалай адаспайсың?
Бiлсең айтшы! –
Қаптаған
Тұман мен түндi
Өтiрiк пен өсектi,
Iбiлiс пен жынды
Бұл тiрлiктен
Қалай аластайсың?
Аластай алмасаң
Қалай адаспайсың?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғасыр жаңбыры

  • 0
  • 0

Өз-өзiме қамалып
Ойға батып өшпеген, –
Шықтым сыртқа қабарып
Сұп-сұр күңгiр кеште мен.

Толық

Түнгi трасса

  • 0
  • 0

Түнгi трасса.
Күзгi жел ұлиды қасқырдай.
Сақ болшы, кезекшi ГАИ мен
көрсеткiш бағандар,

Толық

Ана құдіреті

  • 0
  • 0

Бүгiнiме жеткен өтiп кешеден, –
(Ол бар кезде еңсе тiктеп өседi ел!)
Келе жатты айдай толған бiр Ана
Жалғыз өзi қызылiңiр көшемен.

Толық

Қарап көріңіз