Өлең, жыр, ақындар

Базар болып кеттi барлық тұстарым

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 351
Базар болып кеттi барлық тұстарым
Бәрi де дос,
жоқ дәл қазiр дұшпаным.
Туған жерге келе жатыр алыстан
қанаты бар хаттар-сынды құстарым.
Бар өлкемде бiр керемет басталған:
орман,
көлге,
таулар менен тастарға,
көктем өзi сәлем жазып жiберген
құстар-хаттар жауып жатыр аспаннан.
Жұлдыз жатыр жарқыраған жолында
Бәрi дайын:
көлдерiм де,
жоным да.
Махаббат пен сағыныш боп төгiлiп
аққу-хаттар,
тырна-хаттар, қоныңдар!
Аялдай тұр,
қара бұлт,
түнерме!
Жалғаймын деп бiр елдердi бiр елге
хаттар келе жатыр алыс қиырдан
көктем өзi аспанменен жiберген.
Сезiнемiн керемет бiр қуатты
айналамды тамылжытып күй ақты.
Толды хатқа ағаштағы ұялар
пошта жәшiк сияқты.
Бәрi базар –
беткей, ойы бөктердiң,
тiршiлiктен жасыл түстi от көрдiм.
Оқ атпаңдар сұлулықтың хатына,
оқ атпаңдар
хаттарына көктемнiң.
Көкiрегiме ұя салып дiр еткен.
үлкен мақсат,
үлкен үмiт тiлекпен
аспанменен қанаты бар хатымды
ұшырайын деп ем мен де жүректен...
Бұл шақ қазiр –
отты кезең, жалын шақ,
жiберетiн өн бойыңа ағын сап.
Құс хаттарым бiр тынбастан күн-түнi
Қиқулайды күйiн төгiп,
әнiн сап!
Көктем өзi не жазды екен?
Ақтарыл!
Ақтарылшы қанаты бар, хаттарым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайшылық

  • 0
  • 0

Көңiлсiзсiң.
мылқау қара тастайсың.
Түнерсiң,
қабағыңды ашпайсың.

Толық

Күрес

  • 0
  • 0

Бiр-бiрiне шүйлiгiп
жарқ-жүрқ етiп әзiл де,
тойдың әбден ширығып
қызып түрған кезiнде,

Толық

Жасыл тыныштық

  • 0
  • 0

Күн ыстық.
Айналам
жасыл тыныштық.
Жанарың қай жақты қармасын

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар