Өлең, жыр, ақындар

Қайшылық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 269
I. Көңiлсiз кезде
Көңiлсiзсiң.
мылқау қара тастайсың.
Түнерсiң,
қабағыңды ашпайсың.
Сәл шуласа балаларға жекiрiп
бiр бөлмеге қуып тығып тастайсың.
Сәл қозғалсаң –
кетердейсiң сөгiлiп,
сәл қозғалсаң –
кетердейсiң егiлiп,
қалғандайсың найзағайсыз, сәулесiз,
қалғандайсың қара түнге көмiлiп.
Күлкi кiрiп келсе де үйге шырайлы,
танытасың жақтырмайтын сыңайды.
...Мұндай күнi
кемiрiп бiр жүйкеңдi
телефон да шыр-шыр етiп жылайды!

II. Көңiлдi кезде
Көңiлдiмiн.
Тұрмын қазiр тасынып,
жатыр менен нұр мен сәуле шашылып.
Үйдiң iшi астан-кестен етiп бiр
ойнап жүрмiн балалармен қосылып.
Басқа қазiр аспаным да,
көшем де.
Жүректе – нұр
бұлттарды төсенгем.
Қалалар мен далалардың үстiнде
асыр салып жүгiредi нөсерлер.
Беттi шарпып лаулап жанса жалыным,
гүл атып тұр қызыл құмды шағылым.
Кеудем iшi аппақ қазiр
бейне бiр
ұрттағандай айдың аппақ жарығын.
Осы сәтте жанып түсер қайрақпын,
шетi болмас,
шегi болмас қайраттың...
...Бiр бұрышта қайта-қайта ән төгiп
телефон да құйқылжытып сайрап тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Грозный

  • 0
  • 0

Грозный,
Грозный!..
Шыдай алмас жай тасың да
Мынау сұмдық алапатқа!..

Толық

Қант диабеті

  • 0
  • 0

Не пәле деп
Кейде өзімді
Жерлеп тұрам.
Жерлемей қайтейін,

Толық

Бұлтпен соқтығысқанда

  • 0
  • 0

Мен кенеттен
Алатаудың басында
Қап- қара бұлтпен
Соқтығысып қалғаным.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар