Өлең, жыр, ақындар

Шөлдегі жаңбыр

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 439
Күткен едiк қаталап бiз соншама,
төктi жаңбыр, төктi жаңбыр аңсаған.
Құм үстiнде әнiңдi сал, күй ақтар
биле, биле шымыр тамшы тұяқтар.
Биле, биле дүниенi қуыр бiр,
адыраспан, жусанымды жуындыр!
Кеуiп, қаңсып қалдыңдар ғой, шынында,
ыдыс аяқ киiз үйден шығыңдар!
Шығыңдар тез нөсер қазiр күшiнде
ақтарылған аспан суын iшiңдер...
Ақ нөсердi ақтарылған азаннан
iшiп жатыр жайын ауыз қазандар!
Дыбыстар мен дауыстарға желөкпе,
iшiп жатыр даңғырлаған шелектер.
Шықты сыртқа, – мұндай кезде тұрар ма?
бас киiмiн шешiп тастап құман да.
Қаңсып кеуiп қалса керек денесi
күбiлер де созады кеп өңешiн.
Шаңын қағып мынау жаңбыр, тасқынға
iшедi кеп түңлiктер де, басқұр да.
Нөсер, нөсер төккен сайын емiнiп
тосады ғой құмыралар ерiнiн.
Төк, төк нөсер күркiреп бiр жаңғырып
Оңай емес шөлдiң шөiн қандыру.
Құм үстiнде әнiңдi сал, күй ақтар
биле, бие шымыр тамшы тұяқтар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шапқыншылық

  • 0
  • 0

Аңдаусызда жау шапты.
Омыртқаларымды бордай үктi.
Қабырғаларымды
Қураған қамыстай

Толық

Дағдару

  • 0
  • 0

Асау арманың
Қылша мойнына
Қыл шылбырлы
Тұзақпен

Толық

Күзгі сурет

  • 0
  • 0

Алтын күз бұл –
сағыныш деп аталар.
Сағыныштан жүрек,
санаң от алар.

Толық

Қарап көріңіз