Өлең, жыр, ақындар

Шапқыншылық

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 517
Аңдаусызда жау шапты.
Омыртқаларымды бордай үктi.
Қабырғаларымды
Қураған қамыстай
Күтiрлетiп қаусатты.
Есiл елiм
Таудан құлағандай
Тасқында қалды.
Жасыл жерiм
Пышақтай өткiр
Тұяқтардың астында қалды.
Үзiктерiмдi үзiп,
Кермелерiмдi қиды.
Емендерiм бүгiлдi.
Бәйтеректерiмнiң басы иiлiп
Жерге тидi.
Сойылдарымен ұрып
Уықтарымды сындырды.
Шаңырақтарымды
Опырып ортасына түсiрдi.
Қаныма тойып
Иттей құтырды.
Етiме тойып
Доңыздай iсiндi.
Өз үйiмдi
Өзiме жақтырды.
Бесiктегi баланы
Найзаларына шаншып ап
Шырылдатып
Отқа лақтырды.
Ошағымды жапырып құлатты.
Күлiмдi жындай шашты.
Арда ұлдарымды
Малша бауыздап
Мойнына арқан сап асты.
Кескiлеп шауып,
Шаншып түйредi.
Шеңгел, тiкеннiң үстiмен –
Шырқыратып! –
Тыр жалаңаш сүйредi.
Қалғандарын
Бастарына кепеш кигiзiп
Байлап алып кеттi.
Малдарымды
Алдарына сап
Айдап алып кеттi.
Ханның баласына бермейтiн
Қыздарыма
Шұлғауларын жуғызды, –
Қара құлдарына қосып
Бақа бас бәлелер туғызды.
Қаңырап қалған жұртта
Сүйектерi саудыраған
Кәрi-құртаңдар қалды, –
Көз жастары қан боп ағып
У боп тамды.
Күйреген шаңырағыма
Байғыз қонды.
Қазаныма
Топырақ толды.
Сондай да заман болған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балада да

  • 0
  • 0

Балада да,
алпысқа келген қартта да,
кедейде де жүретiн ылғи от қармап,
хандарда да отырған тажал тақтарда,

Толық

Даукес

  • 0
  • 0

Дабысы
Дүниенi алып барады.
Дауысы
Құлақты жарып барады.

Толық

Намысқа тиген күні

  • 0
  • 0

Қанша уақыт зар иледiм,
қиналдым.
Дедiм: ендi азат болдым,
жаңардым.

Толық

Қарап көріңіз