Өлең, жыр, ақындар

Жол табу

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 435
Iшiн құрт жеп дәнсiз қалған жаңғақтай,
салмағы жоқ желдi күнгi қаңбақтай, –
қиындықтың шырмауынан шығарар
отырасың кейбiр кезде жол таппай.
Жалтақтайсың әр бiр соқпақ, әр iзге.
қалғандайсың меңреу тылсым теңiзде.
Төтесiнен ап баратын мақсатқа
отырасың кейбiр кезде жол iздеп.
Көнбейтұғын айла менен амалға
тұрғандайсың темiр құрсау қамалда.
Адамдардың жүрегiне ап барар
жол iздейдi
ой,
сезiмiң,
санаң да!
Еш нәрсе де қайтара алмас есесiн
ондай кезде қанша азап, сор кешесiң.
Ондай кезде жаныңды жеп, шарқ ұрып
өзiңдi өзiң ақтарасың, кезесiң.
Сөнiп бара жатар жалын,
алау да.
Бас айналар жан-жағыңа қарауға:
бiр жағың – шың,
түпсiз шыңырау – бiр жағың.
Қалғандайсың мәңгiлiк сен қамауда.
Ақырында ой тауып ап бiр асыл,
мақтаныштан масаттанып тұрасың:
шатқалына жарқыратып көпiр сап,
шың астынан туннель қазып шығасың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әй, қорлық-ай!

  • 0
  • 0

Менiң алып Далам
Бiреулердiң
Күндiз күлкiсiнен,
Түнде ұйқысынан айырған.

Толық

Бұл дүниеге қарасам

  • 0
  • 0

Бұл дүниеге қарасам
Ойым онға,
Санам санға бөлiнедi.
Кеудемдегi жүрегiм

Толық

Диқан

  • 0
  • 0

Жер сияқты осы адам.
Күн кептiрiп,
нөсер жауса босаған.
Жүретұғын түрiп балтыр, бiлегiн

Толық

Қарап көріңіз