Өлең, жыр, ақындар

Әй, қорлық-ай!

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 374
Менiң алып Далам
Бiреулердiң
Күндiз күлкiсiнен,
Түнде ұйқысынан айырған.
Сұқтанып
Сұғын қадаған
Қолға түсiрем деп
Түлкiдей алдаған,
Жыландай арбаған.
Ақырында
Бұғау сап буындырып,
Құрсаудай қысып
Қамап тастаған.
Зеңбiректерi әупiлдеп үрiп, –
Көмейлерiнен доп лақтырып! –
Қамалдарымды
Қан жоса қып
Талап тастаған.
Жусаң кетпейтiн,
Жайсаң кеппейтiн
Жала жапқан.
Он екi қанат
Киiз үйлерiмдi
Сүйектерiн саудыратып
Қаңбақша домалатқан.
Бойымды тiктесем
Басқа ұрған.
Ақ отауда отырған
Ақ жұмыртқадай қыздарыма
Тезек тергiзiп,
Жапа бастырған.
«Еңку-еңку жер шалған,
Егеулi найза қолға алған»
Батырларымның
Бастарын шауып алған.
Қанын сорғалатып, –
Сағағынан үзiлген
Қарбыздай домалатып! –
Қаптарына салып алған.
Сонан кейiн
Отырсам опақ болғам,
Тұрсам сопақ болғам.
Өз елiмде
Құлақ кестi құл болып
Өз жерiмде
Қайыршы болып қаңғығам.
Iшкен-жегенiме дейiн бағып,
Түзге шыққаныма дейiн аңдыған.
Әй, қорлық-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алданған үміт

  • 0
  • 0

Ертеңгі күнге
Мойынын соза-соза
Бүкіл елім
Мұңға бөкті.

Толық

Алтаймен кездескенде

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Жан-жүрегімнің
Ғажап бір күйді
Кешуін-ай...

Толық

Қалың ұйқы

  • 0
  • 0

Сонау-сонау
Өткен ғасырдың басында
Міржақып Дулатов
“Оян, Қазақ” деді.

Толық

Қарап көріңіз