Өлең, жыр, ақындар

Ақын

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 620
Өн бойында долы әуен мен нәзiк жыр,
қайрап алмақ болып ендi өзiн бiр
шабытты ақын шағын ғана бөлмесiн
әрi-берi кезiп жүр.
Баса алмастан тебiренiс толғағын
көзге iлместен айналасын,
жан-жағын,
әрi-берi кезiп жүр ол
дәл қазiр
жүректердiң үмiтi мен арманын,
ой-қиялдың орманын.
Қорғаймын деп қаралықтан ақтықты
көмейiне сөз тығылып аптықты.
Арасынан өтедi ол теңселiп
қайғы-мұңның,
сағыныштың,
шаттықтың!
Айналасы жалын болып кеттi ендi.
Көкiрегi жұтады кеп от демдi.
Бөлмесiнде кезiп жүр ол теңселiп
күз бен жазды,
қатал қыс пен көктемдi!
Жолын ойлап шамырқанған өлеңнiң,
ашамын деп құпиясын тереңнiң
бөлменi емес,
кезiп жүр ол дәл қазiр
қалаларын,
далаларын сан елдiң –
бар нүктесiн әлемнiң.
Бiрде суып,
бiрде қызып жарқылдап
дүние жатыр өн бойында алқынған –
күнi-түнi сөйлеп, ән сап тұратын
орта, қашық,
ультрақысқа толқында.
Үнiн iздеп елдер менен ғарыштың,
үнiн iздеп жақын менен алыстың
кезедi ол, құйттай тiлi секiлдi
радиоқабылдағыштың.
Өн бойында долы әуен мен нәзiк жыр.
Қайрап алмақ болып ендi өзiн бiр
шабытты ақын шағын ғана бөлмесiн
әрi-берi кезiп жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желді күнгі орман

  • 0
  • 0

Орман iшi – гуiлдеген! –
Сарынға толып кеттi.
Уiлдеген!
Ағынға толып кеттi.

Толық

Түнгі тұман

  • 0
  • 0

Қалың тұман ішіндегі
Алып Алматы
Алатауды жастанып
Түс көруде.

Толық

Қасіретім

  • 0
  • 0

Қара тасқа –
Маңдайымды! –
Елiмнiң қасiретiн
Айта-айта соқтым.

Толық

Қарап көріңіз