Өлең, жыр, ақындар

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 417
Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз.
Шашып-төгiп алардаймын бiр күлсем.
Жұлдыздардай, түндi түрткен тыншымай
тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз.
Жаңбыр болып шелекте де, құй, кәне,
деген кезде түк жаза алмай тұрғаны,
аттап баспай ақ қағаздың үстiнде,
қаздаңдаған қаламымның сирағы.
Түк шығара алмаспын-ау ендi өксiп,
тербетсе ендi сол сөз бiздi тербетсiн.
Сол сөздi iздеп жата алмаймын төсекте
соқыр iшек түйiлгендей дөңбекшiп.
Сол сөздi мен ақтармасам, ашпасам
өлең жазбай кетердеймiн тас қашап.
Тамып кетсе тiл ұшынан,
ал егер
бүкiл дүние сөйлейтiндей басқаша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зейнолла Қабдолов

  • 0
  • 0

Ұқсамайтын бiр күнiне бiр күнi,
есiне алып отыратын iлкiнi,
осы бiр жан үйiнде де, түзде де
сөз өсiрiп, сөз баптайды күн-түнi.

Толық

Гөй-гөй!

  • 0
  • 0

Таусылмайды жыры гөй-гөйдiң.
Алтай шөгiп,
Алатау көшкенше сөйлеймiн.
Атырау суалып,

Толық

Айтыс

  • 0
  • 0

Қоймаған соң қолқалап,
сөзден жасын ататын
шыға келген ортаға
екi жақтан екi ақын.

Толық

Қарап көріңіз